Елордада Швейцариялық медиасуретшілердің көрмесі өтті | ART&АПТА

Елордада Швейцариялық медиасуретшілердің көрмесі өтті.

Петер Эршман мен Саския Эденстің қиялынан туған туындылар «Платформа проджект рум» арт кеңістігінде экспозицияланды. «Уақыт өлшемі» атты көрме өмір кезеңдері мен тұрақсыздық туралы философиялық ойларға негізделген.

Саския Эденстің жұмыстары ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Медиасуретші жаһандық мәселелерге назар аударып, оны өз туындылары арқылы жеткізуге тырысқан. Сонымен қатар ол ай күнтізбесін жасап, оның өмірімізге қаншалықты әсер ететінін зерттеген.

«ART&АПТА» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.