Блогерлерді БАҚ санатына жатқызу керек пе? | Пікірталас

Бүгінгі тақырыптың өзегі - дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары және блогерлік. Дамыған қоғамда интернеттің қолжетімді болуы блогерлердің көбеюіне, оларға қоғам сұранысының артуына әкелгені жасырын емес. Сәйкесінше блогерлерді бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу керек деген пікірлер де оқтын-оқтын айтылып жүр. Біздің бүгінгі спикерлеріміз осы тұжырымның дұрыс не бұрыс екендігі жөнінде сөз сайысына түспек.