Қылмыскерлер мен із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру туралы | Полиция KZ

Жедел-іздестіру қызметінің екі бірдей міндеті бар. Бірі – хабар-ошарсыз кеткендерді анықтау. Екіншісі – іздеуде жүрген қылмыскерлердің жолын кесу. Әсіресе қылмыс жасап қашып жүргендерді табу оңай емес. Оларды ұстауда өз өмірін тәуекелге тігетін ержүрек әрі кәсіби білікті қызметкерлердің еңбегі зор.