Жылу тарифін қымбаттату керек пе? | Пікірталас

Еліміздегі жылу электр орталықтарының 76% осыдан жарты ғасыр бұрын іске қосылған. Орта есеппен олардың 66% тозған. Қазір соның салдарын көріп отырмыз. 27 қараша күні Екібастұздың жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалды. Апатқа байланысты Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.