Ақбөкендер санының көптігімен ауыл шаруашылығына зиян келтіруде | Депутаттық сауал

Дүниежүзіндегі киіктердің 95 пайызға жуығы Қазақстанда мекендейді. Олар өмір сүру аймақтарына байланысты; Орал, Үстірт және Бетпақдала популяциясына бөлінеді. Бүгінде дала киіктерінің саны  1 300 000 нан астам, олардың басым бөлігі Батыс Қазақстан аумағында. Бір кездері жойылудың аз-ақ алдында тұрған ақбөкендер бүгінде санының көптігімен ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруде. Дихандардың егіс алқаптарын таптап, оларды шығынға батыруда.