Қазақстанда тіркелген шағын кәсіпорындардың саны артты | Сала

Мамырдың 1-ндегі ақпаратқа сай елде 507,1 мың бизнес субъектісі бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға жоғары. Оның ішінде 407,6 мыңы нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындардың жартысына жуығы белсенді болып табылады. Ал 142,8 мыңы уақытша белсенді емес екен. Бұдан бөлек жаңадан тіркелген 63,4 мың шағын кәсіпорын бар.