Қазақстанға әкелінген автомобильдерді заңдастыру | Жеке қаражат

1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгергендер заңдастыру мерзімі аяқталғаннан кейін автокөлікті есепке қоя алады. Бұл ішкі істер министрлігінің ресми ақпараты. Салалық ведомство өкілдері мұндай шешімді ел аумағына әкелінген көлікті рәсімдегісі келетіндердің көптігімен түсіндірді. Бүгінгі шығарылымда біз сіздерге заңдастырудың қалай жүріп жатқанын және одан әрі ұзарту мүмкіндігі кімдерге қатысты екенін айтамыз.