Жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы

Қазақстан жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы жағынан әлемдік рейтингте 56-шы орында тұр. Бұндай деректерді numbeo агенттігі келтірді. Бангладеш, Пәкістан және Непал елдерінде пәтер жалдау арзан екен. Ал Сингапурға барсаңыз біраз шығындалуға тура келеді. ТМД төңірегінде бұл көрсеткіш бойынша Армения көш бастап тұр. Бұл елде бір бөлмелі пәтерді шамамен 680 долларға жалға алуға болады. Ал ең төменгі баға Әзербайжанда. Ол жақта айына 193 доллардай төлеу қажет.