Жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді

Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындары мен орта білім мекемелерін тәмәмдап жатқан түлектер саны көп. Бірақ жұмыссыз жүрген жастар саны бұдан кем емес. Сондықтан мамандық бойынша жұмыс табу мәселесі Үкімет тарапынан жан-жақты қарастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 14 шілдесінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жастарды жұмыспен қамту мәселесіне назар аударылу керектігін атап өтті.