Тараз қаласының орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені

Әр тасы тарихтан сыр шертіп, әр бұрышы ежелгі аңыздарды сыбырлайтын Тараз қаласының жүрегінде 2019 жылы «Көне тараз» кешені бой көтерген. Бұл жәй ғана архитектуралық ансамбль деуге болмас, бұл кешен бейне бір ежелгі мәдениет пен өркениетке бастар сиқырлы қақпа іспеттес.