Зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту мәселені шеше ме? ІКүн тәртібіІ 31.05.2022

Соңғы 5 жылда әйелдер жапа шегетін қылмыстардың саны елде екі есе артты. Ал жыл сайын Қазақстанда 500-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен, өмірмен қош айтысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер заң қатайтылса, бұл сан бәлкім анағұрлым төмен болар ма еді деп санайды қоғам белсенділері. Бүгін біз елде әйелдердің құқығы қаншалықты қорғалып жатыр, қазіргі заңнаманың шикі тұстары қандай?

Сондай-ақ «Әйел мен бала құқығы қорғалған ба?», «Зорлық көргендерге қандай көмек бар?», «Зорлық-зомбылықтың алдын қалай алуға болады?», – деген сауалдар арнайы қонақтармен талқыланды.

Спикерлер: Әлімжан Бекмағамбетов – заңгер, Әмина Байтишова – «Үміт» дағдарыс орталығының маманы, Гүлнар Омарова – «Senimen Bolashaq» РҚБ төрағасының кеңесшісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Жанар Сейітмағанбет – психолог.