Журналистер құқығы қаншалықты қорғалып жатыр? І Күн тәртібі І 28.06.2022

Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек. Құрғақ тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектелуге болмайды. БАҚ туралы жаңа заңды жұртшылықпен, сарапшылармен және журналистермен кеңінен талқылауға тапсырма берген Үкімет басшысы бүгін осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлихан Смайылов қолданыстағы заңның кем-кетігін түзеп, толықтырулар енгізгеннен кейін құжатты осы жылдың соңына дейін Парламент қарауына енгізуді тапсырды. «Күн тәртібі» хабарында БАҚ туралы заңға қандай өзгерістер енгізіледі? Журналистер құқығы қаншалықты қорғалып жатыр? Сондай-ақ блогерлердің жауапкершілігі хақында мәселе қозғалды.

Спикерлер: журналист Еркін Байғабылұлы, «Қазақстанның медиа желісі/Media Network Kazakhstan» бірлестігінің атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева

ZOOM арқылы қосылған спикерлер: Ғалия Әженова – «Әділ сөз» қоғамдық қорының сарапшысы, Ермұрат Бәпи – журналист, Кап Есенгүл – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» ҚБ бас редакторы.