Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл

Өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысына қазақ жерінен 1 млн 300 мыңнан астам ер азамат аттанған болатын. Ел басына күн туғанда, атқа қонып майдан даласына кеткен боздақтардың 600 мыңнан астамы мәңгілікке ұрыс даласында қалды. Ал 271 мыңнан астам қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен болып есептеледі. Міне, осы елге қайтып оралмаған батыр бабалардың мәйітін іздеу шаралары соңғы жылдары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Бүгінгі шығарылымда біз өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысы жайлы айтатын боламыз.