Емі жоқ дертті қалай жеңуге болады?

Әлемде жыл сайын 400 мыңдай бала қатерлі ісік аурына шалдығады. 100 мыңдайы қайтыс болады. Ал біздің елде 30 мыңдай адам ауырса, оның 600 бала. Бұл дерттің емі оңайға соқпайды. Бір тәуірі жас ағза ересектердікіндей емес емге көнеді. Бастысы диагнозы анықталса, емі кешікпесе болғаны. Мұның сыртында адамның ерік жігері де маңызды. Аты жаман ауру айналдырғанмен, тағдырға мойынұсынбай оны жеңіп шыққандар бар.