Моноқалаларды талдау жұмыстары қалай жүргізілуде? | Міндет пен меже

Қазақстандағы қалалардың үштен бірі моноқала. Басым бөлігі Кеңес үкіметі кезінде белгілі бір кәсіпорынның жанынан құрылған. Қазір бұл қалаларда елдегі өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40% жуығы шығарылады. Алайда ондағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдай мәз емес. Басты кәсіпорны тоқтаған қалалар тіптен күйреп жатыр.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзға жасаған сапары барысында Үкіметке барлық моноқалада талдау жүргізуді тапсырды. Бұл жұмысты биыл наурыздың біріне дейін аяқтап, тиісті ұсыныстар енгізу қажет болатын. Міндет атқарылып, межеге жеттік пе?

«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.