Маңғыстауда жаңа газ өңдеу зауыты 2023-ші жылдан кешікпей іске қосыла ма? | Міндет пен меже

Елде көптеген кәсіпорын көгілдір отынға көшіп жатыр. Газға қосылған тұрғын үйлердің қатары да жылдан жылға артып келеді. Арзан жанармайға ауыстырып жатқан автокөлік те аз емес. Осының бәрін қосқанда, үш жылда республикада сұйытылған мұнай газына сұраныс екі еседен астам көбейген. Алайда өнірісте өсім жоқ.

Осыны ескерген Президент Маңғыстауда жаңа газ өңдеу зауытын салуды тапсырды. Ол 2023-ші жылдан кешікпей іске қосылуы тиіс деді. Міндет қалай атқарылып жатыр? Межеге уақытылы жетеміз бе?

 

«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.