Жыл қорытындысы | Міндет пен меже

Тағы бір жыл тарихқа айналды. Барыс жылы қаңтар касіретімен басталып, елде ауқымды өзгеріс керек екенін анық көрсетті. Халықтың қалауы - өндірісті арттырып, бағаны тұрақтандыру, жұртты жұмыспен қамтып, жолдарды жөндеу. Ең бастысы - тұрмысты түзеп, әлеуметтік әділдік орнату. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да басты ұстанымы жұрт қалауымен үндеседі. Заң үстемдігін орнатып, "Әділетті Қазақстан" құру. Осы бағытта мемлекет басшысы бірқатар бастама көтерді. Үкімет пен әкімдіктерге нақты міндеттер жүктеді. Олар қалай орындалды? Бірқатарын шолып шығайық.

 

"Міндет пен меже" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.