Тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр? | Міндет пен меже

Биыл қаңтарда елімізде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,6 пайызға артық. Бірақ соған қарамастан халықты баспанамен қамту мәселесіәлі де өзекті. Аталған түйткілді шешу үшін Мемлекет басшысы 2021 жылы халыққа қолжетімді бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.Ал ол бүгінде қалай жүзеге асып жатыр? Алға қойған мақсаттар мен міндеттер қаншалықты сапалы орындалуда?