Жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант | Міндет пен меже

Қазақстан 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес үлесін 50 пайызға жеткізіп, дамыған елдер қатарынан көрінуді мақсат тұтады. Осы орайда Мемлекет Басшысы кәсіпкер қыз-жігіттерге баса мән беріп, жеңілдетілген несие беру қажет деп айтқан еді. Аталған тапсырма аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл қолдауды жыл сайын 6 мыңға жуық жас пайдаланады. Бұдан бөлек әлеуметтік осал топтағы жастарға қайтарымсыз гранттар беру жағы бар. Бұл бастамалар бүгінде қалай жүзеге асып жатыр?