Екібастұзда апат салдары толық жойылды деуге келмейді | Міндет пен меже

Өткен қыс Қазақстан халқы үшін жылу электрорталықтарының жұмысымен есте қалды. Екібастұз бен Риддердегі станциялар апатқа ұшырап, сақылдаған саршұнақ аязда ел тұрғындары үлкен қиындыққа тап болған еді. Жұрт жылумен ыстық судан қағылып, не істерін білмей дал болды. Бұл мәселе әлі де өзекті. Өйткені апат салдары толық жойылды деуге келмейді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.