Өзің үшін ғана емес, өзге үшін де пайдалы болу. Арнайы протез жасайтын орталық

Ержігіт Мұхамедия Қарағанды облысы, Шұбаркөл ауданының тумасы. Жасы 27 де.  Қазіргі уақытта өмірдің сынағына түскен жандарға көмек қолын созумен жүр. Арнайы протез жасайтын орталықта қызмет етіп келе жатқанына 1 жылдан асқан.

Бiз Алматыдағы протездік-ортопедиялық орталыққа келдік. Мұнда 50-ге жуық маман жұмыс істейді. Кейіпкеріміздің жұмыс орны. Дәл осы жер еліміздің түкпір-түкіпірінен келген протезге мұқтаж адамдарды қабылдайды. Медорталығы, 40-қа жуық жатын орын, асхана барлығы пациенттердің қолайлығы үшін.