Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталығы бір уақытта 150 баланы қабылдай алады

Әрбір баланы бағалаймыз және күн сайын болашаққа қамқорлық жасаймыз. Бұл Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығының басты ұраны. 1956 жылы тұрғызылған бұл орталық бір уақытта 150 баланы қабылдай алады. 100 орынға арналған жатын орны тағы бар.