Табыс кілті. Ең жас депутат

Геннадий Шиповских ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты. 27 жастағы жігіттің тағдыры оны сол жерден бір-ақ шығарды. Қазіргі депутат еңбек жолын теміржолда жылжымалы құрамды жөндейтін қарапайым слесарь қызметінен бастаған. Жетістіктің сыры еңбекке деген құштарлық дейді ол. Өз жұмысына деген ынта-ықыласы Геннадийді билікке емес, биікке жетеледі.