Токио-2020: Қазақстандық спортшылардың дайындығы қандай?

Бағдарлама қонағы - Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев.

2020 жылы Токиода 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтетін кезекті Жазғы Олимпиада ойындарында 339 бас жүлде сарапқа салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қай елге нешеуі бұйыратынын уақыт көрсетеді. Қазір бүкіл әлем осы сынға дайындық көруде. Біздің елдің үміті қандай?

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевты студияға шақырдық.

1-сұрақ: Қазіргі кезде жолдама саны онға таяды ма?

2-сұрақ: Жалпы қанша жолдама алуымыз керек? Командалық ойындарда қатысу мүмкіндігіміз қандай? Бұрын бірнеше спорт түрінен команда апарушы едік.

3-сұрақ: Шоқтығы биік спортшылар бар ма? Ольга Рыпакова мен Елдос Сметовтың әлемдік рейтингтегі беделі белгілі. Тағы кімдер жеңіс биігінен көрінуге қабілетті?

4-сұрақ: Допинг деген де күрделі мәселе. Осы бастан спортшыларды тексеріп, бақылауда ұстап отырған шығарсыздар?