Қазақстандағы су ресурстарының проблемасы аз емес

Еліміздің Батыс өңірде Ресейден келетін судың мөлшері азайып бара жатыр, яғни Жайық су бассейні тартыла түсуде. Бұл –аймақтың ауылшаруашылығына зиянын тигізіп қана қоймай, Солтүстік Каспидің таяздай түсуіне айтарлықтай әсер етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе қалай шешіліп жатыр? Елдің оңтүстік аймағында, әсіресе Сыр өңірі үшін де судың орны бөлек. Ризығын жерден көріп отырған ағайынға дарияның тартылуы оңайға соқрай отыр. Айдындағы су көлемінің азаюына байланысты биыл елімізде күріш бағасы да қымбаттауы мүмкін. Орал қаласынан эколог, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Махамбет Ихсанғали, Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы осы өңірлердегі су мәселесіне қатысты тікелей эфирге шығып ой-пікірлерін айтты.