Депутатқа қазақ тілін үйрету кімнің міндеті?

Депутаттарға қазақ тілін үйрету үшін биыл бюджеттен 27 млн теңге бөлінді.

Өткен айдың соңында осындай ақпарат шығып еді ғой. Осы жылы ғана белгілі болды ғой, әйтпесе парламентте жүргендерге қазақ тілін үйретеміз дегендер қазынадан 6 жылдан бері ақша алып келген. Бізді көріп отырған көрермен осы мәселеге қатысты сіздердің де пікірлеріңізді білгім келеді. Экранда QR-код тұр. Соны сканерлеп, ойларыңызды емін-еркін, бұқпасыз, боямасыз жаза беріңіздер. 

«Қазіргі өте күрделі геосаяси жағдай еліміздің ішкі саясатының көптеген аспектілерін қайта қарауды талап етеді. Осынау терең мәселенің бірі тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену проблематикасы».

Өткен аптада Мәжілістің бір топ депутаты осылай деп үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа сауалхат жолдады. Солардың арасында Геннадий Шиповских те бар. Ол кісі тап қазір студиямызға келіп отыр. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Оразгүл Асанғазы, қоғам қайраткері