Елбасы туралы заң өзгере ме?

Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Бұл статус Конституцияда бекітілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Ата заңға өзгеріс енгізумен айналысып жатқан жұмыс тобының мүшелері мәлімдеп үлгерді. Осыған қатысты «Күн тәртібі» тікелей эфиріне телефон арқылы байланысқа шыққан саясаттанушы Дос Көшімді сөзге тартты. Саясаттанушы өркениетті елдерде мұндай заң жоқ екенін алға тартады.