356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сақшы. Мереке күндері Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

  • 254

Астананың 20 жылдығына орай қалалық гарнизон мен жақын маңдағы Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы қызметін күшейтілген кестеде атқарады. Бұл күндері елорда аумағындағы қоғамдық тәртіпті полиция наряды қадағалап, мерекелік шаралар өтетін орындарда ішкі істер органдарының басшылық құрамы тарапынан тәуліктік кезекшілік қойылады. Бұған 3500 полиция қызметкері мен Ұлттық гвардияның 1200 әскери қызметшісі жұмылдырылмақ. Оның ішінде өзге аймақтардан келген 600 әскери бар. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты қызметкерлерінен резервтік отряд құрылады.

Хабар 24 телеарнасы