Сенаторлар сергелдеңге түскен шаруаларға араша сұрайды | Сенат сөзі

Сенат депутаттары екі айға жуық ел ішін аралады. Жергілікті тұрғындармен жүздесіп, кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелерге бас сұқты. Кездесу барысында талқыланған тақырып аясы да кең болды. Айталық, өнеркәсіпті дамыту, эпидемиологиялық ахуалды жақсартудан бастап, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі қамтылды. Сапар аясында депутаттар 14 облыс пен 3 мегаполисте 340-тан астам кездесу өткізіп, қияндағы елді мекендерге де ат басын тіреді.

Бүгінгі шығарылымда қозғалатын мәселелер:

- Қуаңшылықтың қыспағынан құтылудың жолы қандай? Сенаторлар сергелдеңге түскен шаруаларға араша сұрайды.

- Ақылдасып пішкен тон келте болмайды. Сенат депутаттары ел ішін аралап, ауылдағы ағайынның арыз-шағымына құлақ түрді.

 - «Қошқар ата» экологияға қауіп төндірмесін. Улы заттар қоймасы неге көмусіз жатыр?