353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Audi автоконцернінің басшысы Руперт Штадлер қамауға алынуы мүмкін

  • 84

Германияда Audi автоконцернінің басшысы Руперт Штадлер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Süddeutsche Zeitung газеті таратқан ақпаратты компанияның баспасөз хатшысы да растады. Мюнхен қаласының прокуратурасы Руперт Штадлер мен компанияның директорлар кеңесінің тағы бір мүшесіне 30 мамырда айып тағылғанын хабарлады. Олар қызмет бабын асыра пайдаланып, құжаттарды қолдан жасаған алаяқтық әрекеттері үшін айыпталып отыр. Яғни Штадлер мен Audi компаниясының директорлар кеңесінің тағы бір мүшесі зиянды газдардың шығарылу мөлшерін төмендетіп көрсететін бағдарлама орнатылған дизельдік көліктердің Еуропа нарығына сатылуына қатысы бар болып шықты. Жуық арада Штадлерді қамауға алу туралы шешім шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы