359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Инсультке тап болғандардың жағдайын енді «экзоскелет» жеңілдетеді

  • 67

Инсультке тап болғандардың жағдайын енді «экзоскелет» арқылы жеңілдетуге болады. «Евроньюс» телеарнасындағы Futuris бағдарламасы Испанияда жаңа құрылғының тексеріліп жатқанын баяндайды. Еуропалық зерттеу жобасы аясында қолға алынған экзоқаңқа қозғалмалы тренажерға ұқсайды. Ол салмағы 12 кг аспайтын авиациялық алюминийден құрастырылған. Сюжеттің кейіпкері денесінің біраз бөлігі жансызданып қалған Паоло қазір инсульттен кейінгі қайта бейімдеу емін алып жатыр. Алғашқы сеанстан кейін-ақ науқас роботтың көмегі зор екенін мойындады.

Хабар 24 телеарнасы