356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Америкада қызметкерді компьютер жұмыстан босатты

  • 128

Америкада қызметкерді машина жұмыстан шығарып жіберді. Ибрагим Диаллоны жұмыстағы компьютер шеттетіп, қажетті мәліметтерді бермей қойған. Мұнымен шектелмей, арадағы келісімшартты да бұзыпты. «Индепендент Рекордердің» жазуынша, Диалло сегіз ай бойы ірі компанияда қызмет еткен. Еңбегін адал атқарғаны үшін басшылықтан мақтау да алып үлгірген. Алайда өзінің қыспаққа түскенін аңғарады. Әуелі жұмыс орнындағы турникеттен өту қиындайды. Бұдан кейін мекеме қасына көлігін қоюдың өзі мұң болыпты. Біраз уақыттан кейін жұмыс бағдарламасын қолданудан қалған. Ең сорақысы, менеджер болып қызмет етіп жүрген Ибрагимге жұмыстан қуылғаны туралы хат келеді. Кейін бұл іске компания директоры араласып, техникалық қолдау қызметінің көмегіне жүгінеді. Бірақ бұдан да пайда болмаған.

Хабар 24 телеарнасы