359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Дональд Трамп кибершабуылдарды жүргізуге қойылған шектеулерді азайтты

  • 39

АҚШ президенті Дональд Трамп кибершабуылдарды жүргізуге қойылған шектеулерді азайтты. «Уалл Стрит Джорнал» жүргізген зерттеуге сілтеме жасаған «Слэйт» тілшісі Элиотт Хэннон, бұл тыйымды кезінде Барак Обама бекіткенін жазады. 2012 жылы Обама қол қойған директива Вашингтонның өз қарсыластарына қарсы киберқаруды қолдануына қатаң талаптар қойды. Мамандардың көбі бұл құжаттың мүмкіндіктері шектен тыс деп жақтырмады. Өйткені көптеген мекемелерге құзірет берілгендіктен, интернетте маңызды операцияларды жүргізу мүмкін болмады. Обама әкімшілігі кибершабуылдарды аса мұқият жоспарлау үшін осы шектеулерді енгізді. Яғни белсенді әрекеттер электронды шпионаж бойынша жүргізіліп жатқан операцияларға кесірін тигізбеуі керек еді. 

Хабар 24 телеарнасы