356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан 80 жасында қайтыс болды

  • 37

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан 80 жасында Женевада дүние салды. BBC телеарнасы қайраткердің қоғамға сіңірген еңбегіне тоқталады. Кофи Аннан 1997 жылы БҰҰ-ның бас хатшысы болды. Бұл кезде ұйымның қаржылық жағдайы қиын болатын. Дегенмен жұмыс орындарын қысқарту арқылы тығырықтан шығудың жолын тапты. Әрі сол кезде Руандадағы геноцидке байланысты әрекет қыла алмаған БҰҰ-ның дәрменсіздігі сынның астында қалды. Әрі Аннанның өзі ұйымның бітімгершілік бөлімшелеріне басшылық еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы