359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Иран парламенті экономика және қаржы министрін отставкаға жіберді

  • 82

Иран парламенті экономика және қаржы министрін отставкаға жіберді, деп жазады «Рейтер». Ұлттық валютаның күрт құнсызданып, экономикалық жағдайдың нашарлағанының салдарынан, парламент министр Масуд Карбасианды қызметінен босатуға дауыс берді. Елдегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Иран экономикасына ауыр тиіп отыр. Ал сәуір айынан бастап, риал өз құнын жарты есеге жоғалтты. Мұны ең алдымен ирандықтардың өз жинағын долларда ұстауға ұмтылуымен байланыстыруға болады. Қаржы министрін қызметінен босатуды дауысқа салған Иран парламентінің мүшелері қарсыластарынан 16 дауыспен басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы