Елімізде жүргізуші куәлігі ашық сатылады

Полицияның ақпараты бойынша, жүргізушілер жол ережесін білмейді, білсе де сақтамайды және жиі бұзады. Салдарынан апат көбейген. Бұған жемқорлықтың не қатысы бар? Тікелей байланысты. Елімізде жүргізуші куәлігі ашық сатылады. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Делдалға ақысын төлесеңіз, қалаған санатты алып береді. Куәлік базарда емес, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында саталады.