Биыл білім саласында 140-тан астам жемқорлық фактісі анықталды

Биыл елімізде білім саласында 140-тан астам жемқорлық фактісі анықталды. Бюджетке 7 млрд теңге шығын келген. Ал соңғы үш жылда 400-ден астам қылмыс тіркеліп, қазынадан 12 млрд теңге түрлі жолмен ұрланған. Оның жартысына жуығы қайтарылғанымен, әзірге қалған сомаға қол жеткізе алмай отырмыз. Мысалы, бір ғана Жетісу облысында білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4 млрд теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан. Бүгін мектептердегі жемқорлық пен осы салада жүргізілген тексерудің нәтижесі жайлы айтамыз.