Ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында

Қазақстанда мұнай, газ, металдың орнын басатын байлық көзі бар – ол ауыл шаруашылығы саласы. Мамандар жүздеген миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге әлеуетіміз жетеді деп жылда айтады. Оның үстіне, еліміздің стратегиялық мақсаты - Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Бірақ біз ауыл шаруашылығы потенциалын толығымен пайдалана алмай отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Агоөнеркәсіп шикізатқа, ал шаруалар субсидияға тәуелді.