Тексердік! Қоқыс лақтыру мәдениеті

Қазақстанда тұрмыстық Һәм өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу саласы тұралап тұр. Осы қоқысты кәдеге жарату ісіне мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінгенімен нәтижесі көңіл көншітер емес. Ресми сандарды сөйлетсек. Қалдықтардың тек 7 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Енді бұл көрсеткішті жақсарту үшін, халыққа қоқысты үйде сұрыптау қажеттілігін түсіндіру, үйрету керек дейді мамандар. Ал осы мамандар қоқысты үйде сұрыптап, жинауға қандай жағдай жасап жатыр? Мұны бүгінгі «Тексердік!» хабарында тексереміз.

Сондай-ақ...