Тексердік! Дөнер дайындайтын дүңгіршектер

Ақын Ұлықбек Есдәулеттің мынадай өлең жолдары есіме түсті. Асықпайтын уақытта асығамыз, Ақиқатты несіне жасырамыз. Жолға шықсақ, жетуге асығамыз. Жете салып, кетуге асығамыз. Иә, ақын күнделікті күйбең тіршілігімізді дәлме-дәл суреттеп берген сыңайлы. Бірақ, айтайын дегенім асығыстық туралы емес. Осындай қарбаласта тез дайындалатын тамақ жеуге де асығамыз ғой. Алайда көп жағдайда жеңіл-желпі тіскебасарлардың қандай жағдайда дайындалатынын, одан қала берді қалай әзірленетінін білмейміз. Тексермейміз. Ал біз бұл жолы дөнер дүңгіршектерін тексердік.