Тексердік! Мекенжайға тіркелу мәселесі

Деніміз ірі мегаполиске ағылатынымыз рас. Әсіресе, алып шаһарларға жастардың көптеп келетіні бүгінде заңды. Келген адам жұмысқа тұрып, алдағы уақытта меншікті баспанаға қол жеткізу үшін де тұрақты тіркелетін мекенжай іздейтіні белгілі. Сұраныс бар жерде ұсыныс та туады. Осындайда ебін тауып, екі асайтындар қимылдай бастайды. Пәтерлері мен үйлеріне адамдарды белгілі бір сомаға тіркетіп, қып-қызыл ақшаға қарық болады. Резеңке пәтерлердің пайда болатынына да сондықтан. Мұндай пысықайлармен күрес қалай жүріп жатыр. Бүгін біз осы мәселені тексердік.