352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Транзитті Қазақстан. Темір жол саласы қандай өнертабыстармен толығып жатыр?

  • 128

Қазіргідей техника мен технологияның дамыған дәуірінде кез келген сала жаңашылдықты талап етеді. Әсіресе, өндірістік кәсіпорындар. Ондағы жұмысты оңтайландыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Мәселен, өткен жылы ұлттық тасымалдаушы компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өндіріске 255 өнертабыс енген. Оның барлығын қатардағы теміржолшылар ұсынған. Өндірісті жетілдіру жобалары негізінен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология, еңбекті қорғау, энергетикалық ресурстарды үнемдеу жайларын қамтыған. Жаңа шешімдер жөндеу жұмыстарын жақсарту және жылжымалы құрамды пайдалануға бағытталған. Оларды жұмыс процесіне негізгеннен бері компания 435 миллион теңгенің экономикалық тиімділігін көрген.  

Хабар 24 телеарнасы