Қаржылық алаяқтық | Заң бойынша

Бүгінде қаржылық алаяқтық көпшіліктің бас ауруына айналған. Қазірде осы алаяқтықтың сан түрі бар. Әккі пысықайлар тіпті арасында адамның миы жетіп болмайтын схемаларды ойлап тапқан. Оңай олжамен табысқа кенелгісі келгендер қанша ұсталып жатса да кәнігі алаяқтар осы қылмысты кәсіп қылып алған. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, өткен жылдың 10 айында ел бойынша 17 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген. Оның ішінде онлайн сауда–саттық саласында бұл қылмыс тыйылмай тұр. Жалпы қаншама адам сан соғып, қаншама алаяқтың ісі әшкере болып, құқық қорғау органдары мен қаржы мамандары қанша ескертіп жатса да тұрғындардың алдануы азаяр емес.