Вандализмге қарсы жаза қатаң

Елімізде қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіру жиілеген. Аялдама тұрағы, демалыс орындары секілді инфрақұрылым нысандары көп қиратылатын болған. Бүлінген нысандардың ішінде ескерткіштер мен архитектуралық композициялар да бар. Жыл басынан бері елімізде мыңға тарта осындай келеңсіздік болыпты. Бүгінде Қазақстанда вандализм мен жеке мүлікті бүлдіргені үшін тағайындалатын жаза қатаңдатылды. Заң бойынша, вандализм қылмыстық бабының диспозициясы анықталды.