Ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел

Елімізде есірткі бизнесіне қатысты қылмыс азаймай тұр. Ішкі істер органдары оны таратушылар мен сатушыларды күн сайын ұстап жатыр. Бұл - нашақорлар санының аз еместігін және еліміздің батыс пен шығыс, әсіресе оңтүстік пен солтүстігі есірткі жөнелтуге арналған транзиттік аймаққа айналғанын көрсетсе керек.

Биылдың өзінде тәртіп сақшылары 100 тоннадан астам прекурсор тәркіледі. 75 есірткі зертханасы жойылды. Қазір есірткінің түрлерімен қоса оны сату мен тасымалдаудың да неше түрлі жолдары пайда болып жатыр. Нашақорлардың сүйікті «ермегіне» жету үшін ойлап тауып жатқан фантазияларында шек жоқ.