352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-да Астананың мерейтойына арнап 20 нысан ашылады

  • Read 174 times
ОҚО-да Астананың мерейтойына арнап 20 нысан ашылады

«Астананың 20 жылдығына ­– 20 нысан».

Оңтүстік Қазақстан облысында елорда мерейтойына арнап әлеуметтік және кәсіпорындардан 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Солардың бір парасы бүгін Шымкент шаһарында бастау алды. Қаладағы зообақ қайта жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа кейіппен халыққа қызмет көрсетуді бастады. Зообақтың Африка елі стилінде жабдықталған «Сафари» атты жаңа бөлігі келушілерді қуанышқа бөлеуде. Хайуанаттар бағындағы Сафариде әсіресе шөлге бейім жануарлар мен құстарды көптеп кездестіруге болады. Өткен жылы зообақты тамашалағандар саны 400 мыңнан асып жығылған. Ендігі меже ­– 2020 жылы келушілер санын бір миллионға жеткізу. Сондай-ақ бұл күні облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенің жағалауы ел игілігіне берілді. Өзеннің екі жағасы 10 метрге дейін кеңейтілуде. Ескі қаланы жаңғырту жобасы аясында өзен бойында Қошқар ата тұрғын үй кешені бой көтереді. Жоба бойынша өзен жағалауындағы 1 мың 200 метр жер демалыс орнына айналмақ.

Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- Хайуанаттар бағын қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Міне, Африка аумағы пайда болды. Бұдан соң террариум ашылады. Сосын көлдің жобасы бар. Ал Қошқар ата өзенінің маңы жаңа келбетке ие болуда. Мақсат ­– қала тұрғындарына демалуға қолайлы жағдай жасау.

back to top
Хабар 24 телеарнасы