369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада халықаралық сарапшылар еліміздің ұлттық жаңғыру стратегиясын талқыға салды

  • Read 131 times
Астанада халықаралық сарапшылар еліміздің ұлттық жаңғыру стратегиясын талқыға салды

Мамандар Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдық мерейтойына орай бас қосып, өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Сарапшылар алдымен әлемдік дамудың өзегіне айналған сандық технологияның енгізілуін тілге тиек етті. «Цифрлы технологияларды дамыту халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеріп қана қоймай, көптеген әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді», – дейді шетелдік қонақтар. Сондай-ақ халықаралық конференцияда ішкі және сыртқы саясат жүргізу барысында қауіпсіздіктің сақталуы жайы да назарға алынды. Сарапшылар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытқа жоспар жасалды.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

– Әлемде 8 мыңға жуық талдамалы сараптамалық орталықтар бар. Соның әлемдік рейтингісі бар. Біз солардың ішінен 140-орынды иелендік. 25 жылдың ішінде Қазақстанның атынан енген жалғыз ғана институт біздің институт. Бұл үлкен жетістік.

back to top
Хабар 24 телеарнасы