369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Самғау» халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті

  • Read 210 times
Астанада «Самғау» халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті

Елорда мәдениетінің айнасына айналып үлгерген «Самғау» байқауына 12 театр ұжымы қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Оның алтауы ел өңірлерінен. Ал қалғаны алыс-жақын шет елдерден келген. Астананың 20 жылдығына арналған фестивальде әр шығармашылық ұжым үздік қойылымдарын ұсынды. Оның ішінен Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұжымының бағы жанып, бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова әйел бейнесін биік деңгейде сомдағаны үшін үздік деп танылды. Ал «Жастар» театрының әртісі Дәурен Серғазин «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды.

Ернар Жұматаев, «Жастар» театрының директоры:

– «Өзіңді тану үшін өзгені таны» деген. Осы күнге дейін «Жастар» театры көптеген мемлекетте болдық. Салыстырмалы түрде қарағанда, біздің деңгей әжептеуір деп айтуға болады. Яғни кейбір елдерден озып та кеткенбіз. Кез келген мемлекетке қорықпай бара береміз. Өйткені біздің жанымыз бөлек театрға деген.

back to top
Хабар 24 телеарнасы