352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығы Литва жерінде атап өтілді

  • Read 161 times
  • Media
Астананың 20 жылдығы Литва жерінде атап өтілді

Литва Астананың 20 жылдығын атап өтті. Шарада қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, фотокөрме ұйымдастырылды және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты жиын Вильнюстің белгілі ауданы Ужуписта болды. Айтпақшы оның конституциясы қазақ тіліне де аударылған екен. 

Ужупис – Вильнюстың көрнекті жерлерінің бірі, оны көбіне Париждің Монмартрімен салыстырады. Осы тарихи кварталда тұратын суретшілер, жазушылар мен музыканттар өз аудандарын әзіл ретінде «егемен» деп жариялаған болатын. Заңды түрде танылмаса да, Ужупистің өз президенті, үкімет басшысы мен премьер-министрлері, туы, әнұраны мен төл ақшасы, тіпті шағын әскері де бар. Оның Конституциясы әлемнің ондаған тіліне аударылған болатын, енді міне, оны қазақ тілінде де шықты. Бұл шара Астананың 20 жылдық мерейтойына орай іске асты.

Бауыржан Мұхамеджанов, Қазақстанның Литвадағы бұрынғы елшісі:

- Бұл латын қарпінде, біздің апострофымызбен жазылған Қазақстанның ресми құжаты. Біз Ужупистың конституциясын өз мемлекеттік тіліне аударған 30-елміз. Ужуписке 20 жыл болса, Астанаға да 20 жыл толып отыр. Ужупис жаңа жылды наурызда тойласа, қазақ елі де Наурызды көктемде  тойлайды. Осы екі елдің ортақ нышандары көп.

Қазір Вильнюстің ең әйгілі әрі адам көп келетін туристік орнында Ужупистің конституциясының қазақ тілінде жазылған тақташасы ілулі тұр. Республика қауымдастығы ұйымдастырған тақташаның салтанатты ашылуында қазақстандық музыканттар өнер көрсетіп, халық көп жиналған думанға айналды.

Сакалас Городецкис, Ужупистің премьер-министрі:

- Мақсатымыз елімізге келген адамдар өзінің төл мәдениетінің қандай да бір бөлігін тауып, қуанса дейміз. Біз Ужупис республикасында туризм жұмысы жөніндегі өз құрылымы болу керектігіне көз жеткіздік.

Каролис, Ужупис тұрғыны:

- Осы жерде жаңа бір тілде конституция тақташасы ашылған кез біз үшін мереке. Сонымен қатар жаңа мәдениетпен танысу да адамға қуаныш сыйлайды.

Никодемус, Ужупис тұрғыны:

- Конституцияны достарымыз осы үйде жазған болатын. Біз қазір осы Конституцияға бағынып өмір сүреміз, тіпті бір-бірімізбен ұрыспайтын болдық. Барлығымыз бір-бірімізді жақсы танимыз әрі әлеуметтік жағдайымызға қарамастан бәріміз бірдей араласамыз. 

Астананың 20 жылдығына орай Ужупис орталығында фотосуретке әуес жандардың астаналық клубының көрмесі ашылды. Экспозиция жиырма жыл ішінде тек жаңару символы ғана емес, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктің орталығы болған жас астанамен таныстырады.

Авторлары: Марина Петрова, Сергей Самойлов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы