361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев: Астана – заманауи талаптарға сай салынған қала

  • Read 1207 times
  • Media
<span class=favorites>Нұрсұлтан Назарбаев: Астана – заманауи талаптарға сай салынған қала</span> kazpravda.kz

Елорданы оңтүстіктен Сарыарқаға көшіру оңай болған жоқ.

Тарихи шешімге қатысты туындаған пікірлер мен қиындықтар туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтты. Президент әуел бастан Ақмолада жаңа астананың салынуы егемендікті нығайта түсетініне сенімді болған. Елордасын көшіруге қатысты қаншама сын айтылды. Бірақ бұл қадам тарихи шешім болатын. «Қала құрылысына, қаржы көздерін табу, жобалау жұмыстары кезінде, түрлі қиындыққа кезіктік. Ең бастысы, ел қазынасына салмақ түсірмеу болатын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Әуел бастан-ақ ел астанасын басқа қалаға көшіру тәуелсіз Қазақстанды нығайтуда маңызды роль атқаратынына сенімді болдым. Елорда - еліміздің әкімшілік орталығы. Қаланы басынан бастап тұрғызу, оның ел тәуелсіздігіне әсері туралы ойлағандар шамалы болатын. Қазір мұның дұрыстығына күмәнданатындар аз. Шешім қабылданып, нақты жүзеге асырыла бастаған соң бұл идея толыққанды сипатқа ие болды. Біразы менің шешіміме қарсы болғаны рас. Өйткені тәуелсіздік алған жылдары одақтас мемлекеттер арасындағы байланыс үзіліп, елімізде көптеген кәсіпорын тоқырауға ұшырады. Қызметін тоқтатып, өз өнімін шығара алмады. Тіпті жұмысшылар 6 айға дейін жалақысыз жүрген күндер де болған».

20 жылдың ішінде Астана -  заманауи талаптарға сай салынған қала болып гүлденді. Сол себепті шаһар Еуразияда халықаралық әріптестіктің орталығына айналып үлгерді. Көптеген тұрғын үй бой көтеріп, мыңдаған отбасы баспанаға ие болды. Жалпы елорда мемлекет дамуының қозғаушы күшіне айналып, басқа өңірлерге үлгі ретінде қалыптасты. Мегаполисте тұрғызылған әр нысан - қажырлы еңбектің жемісі. Қаланы салар кезде сәулетшілерге қатаң талап қойылған. 

«Астана қаласының сәулеттік жоспарына жарияланған байқау әлемдік құрылысшылардың қызығушылығын тудырды. Кез келген сәулетші үшін ашық далада жаңа қаланы жоспарлау шабытына шабыт қосып, өз қиялын көрсететін үлкен мүмкіндік. Байқауға Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Корея, Болгария және өзге де елдерден 50-ден астам жоба келіп түсті. Олардың арасынан 27-сі іріктеліп алынды. Нәтижесінде қазіргі заманның талантты сәулетшісі Кисие Курокаваның жобасы үздік деп танылды. Танымал концептуалистің идеясына сәйкес, Есілдің сол жағалауына басымдық берілді. Әрине ол жоба жай ғана идея болды. Шынайы өмірде біраз түзетулер енгізуге тура келді. Біз де өмір талаптарына мойынсұнып, іске кірістік». 

Астана еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан қала 20 жылда Сарыарқа төріндегі қалаға көшкен халықтың санында есеп жоқ. 2 жыл бұрын миллионер қалалардың қатарына қосылды. Халық саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұған дейін ортақ қазынадан қаржы алушы болып келген қала, енді беруші, яғни пайдалы шаһарға айналды. Бір сөзбен айтқанда Астана экономиканы әрі қарай дамыту, халық санын көбейту, ғылым, техника және инновация салаларын ілгерілету ісіне тың серпін берді. 

«Астананың ықпалымен еліміз жаңарып, адам ресурсы дамып келеді. Көптеген қазақстандық осы қалаға қоныс аударып, игі істерін бастады. Елорда Қазақстан халқы үшін жаңа бастамаларға жол ашты. Мұнда бой көтерген әрбір нысан Отанымыздың құндылығы саналады. Бастысы, халқыма алғысым шексіз. Олар бұл жобаны бастан-аяқ қолдап, осы жылдар аралығында мені береке-бірлігімен, ұлттық тұтастығымен, мемлекетке деген жауапкершілігімен шабыттандырды. Маған үнемі қолдау көрсетіп, ізгі іске ыждаһаттылықпен қараған және Астананы тұрғызуға атсалысқан барша әріптестеріме алғыс білдіремін». 

Президент сұхбатының толық нұсқасын «Казахстанская правда» газетінің бүгінгі санынан оқи аласыздар.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы